Аса қауіпті инфекциялар зертханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Практикалық бөлімінде Ұлттық сараптама орталығы мамандарының қатысуымен теориялық дайындық ұйымдастырылды. Сабақ барысында аса қауіпті биологиялық агенттермен жұмыс істейтін зертханаларда өртті сөндіру ерекшеліктері, қызметкерлерді эвакуациялау тәртібі, жеке қорғаныс шаралары, сондай-ақ шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды.

Оқу-жаттығу күні тікелей өрт ошағын анықтау және оқшаулау, қызметкерлерді эвакуациялау, инженерлік коммуникацияларды өшіру және ТЖД бөлімшелерінің объект әкімшілігімен өзара іс-қимылы бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды.

Іс — шараның басты мақсаты-биологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықты арттыру болып табылды. Сондай-ақ эпидемиологиялық тәуекелі жоғары объектілердегі өрттерді жою кезінде барлық қатысушылардың іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1024777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді