Бурабай аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен жазғы лагерьлерде құқықтық іс-шаралар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында Бурабай ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен жазғы лагерьлерде демалушы жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін бірқатар құқықтық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, «Сот келе жатыр!» танымдық квесті ұйымдастырылып, онда балаларға қылмыстық істің ойдан құрастырылған процесінің қатысушылары – судья, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, айыпталушы және куәгер рөлдері берілді. Іс-шара барысында оқушыларға олардың негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық қорғау және сот органдарының қызметі түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға бала құқықтары туралы үйретуші комикс пен бояу кітабы, сондай-ақ өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Заң және мен» атты интерактивті онлайн-ойын ұсынылды.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1024584?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді