Өрел ауылында спорт пен отбасылық құндылықтарды ұштастырған ерекше мереке өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрел ауылында «Спорт сүйгіш отбасы- әкем, анам және мен» ұранымен спорттық салауатты өмір салты күні өтті. Іс-шара «Қонақжай отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және балалар мен ата-аналар арасындағы сенімді
қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.

Мерекеге 14 қонақжай отбасы мен 41 жобаға қатысушы қатысты. Спорт алаңында отбасылар көңілді эстафеталар, командалық жарыстар мен ашық ойындарда күш сынасты. Балалар мен ата-аналар ептілік, төзімділік, ұйымшылдық және командалық жұмыс дағдыларын көрсетіп, белсенділік танытты.

Жарыс жылы, әрі достық атмосферада өтті. Бәсекелестікке қарамастан,
іс-шараның басты мақсаты – жеңіске жету емес, ашық ауада бірлесіп уақыт өткізу мен отбасылық қарым-қатынасты нығайту болды.

Шара соңында барлық қатысушыларға естелік дипломдар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Мұндай іс-шаралар ауылдағы әлеуметтік байланыстарды нығайтып, қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1025066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді