САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАНЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қаланың көркейту мен абаттандыру бағытындағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында қала аумағын аралады.

Аудан басшысы Сарыағаш қаласының орталық көшелерінің санитарлық тазалық жұмыстарын бақылады. Сонымен қатар, қала арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойына орнатылған шарбақтарды реттеу жұмыстарының барысын пысықтады.

— Қаланы көркейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір жұмыс сапалы орындалуы керек, — деді Арман Абдуллаев.

Аудан әкімі қала әкімі А.Ешанқұловқа нақты тапсырмалар жүктеп, барлық жұмыс жіті бақылауда болатынын айтты.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1025251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді