Шымкентте «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында «Жылжымалы қабылдау» акциясы жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында прокуратура, әкімдік, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу департаменті өкілдерінен құралған мобильді заң тобы Шымкент қаласының Еңбекші ауданының тұрғындарының қабылдауын жүргізді.

 Іс-шара барысында өтініш білдірген азаматтарға қоғамдық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша білікті заң көмегі көрсетілді.

Бұл ақпараттық-профилактикалық акция құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және халыққа қолжетімді заң  көмегін көрсетуге бағытталған.

 

Шымкент қалалық прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1024430?lang=kk