Степногорск қаласының прокуратурасы есірткі құралдарының таралуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

« Заң мен Тәртіп» республикалық акциясы аясында Степногорск қаласының прокуратурасының бастамасымен, полиция қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының қатысуымен есірткі заттарын заңсыз тарату мен жарнамалаудың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Акция барысында әлеуметтік желілерді қоса алғанда, есірткі құралдарын насихаттайтын оннан астам заңсыз жарнама анықталды.

Тұрғын үйлердің қасбеттерінде, қоршауларда, аялдамаларда және қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарында жазылған жарнамалар боялып, жойылды.

Мұндай жарнамаларды орналастыру мен тарату заңмен тыйым салынғанын және әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.

Степногорск қаласының прокуратурасы акцияға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдіреді және тұрғындарды осындай заңсыз есірткі жарнамаларын анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Бірге – қаламызды таза әрі қауіпсіз етеміз!

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1025132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді