
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту шеңберінде мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі шаралар мен заңнаманың новеллалары түсіндірілді. Заң мен тәртіпті сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті әрі қоғам сенімінің негізі екені атап өтілді.
Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты сананы қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/1025223?lang=kk

Жауап қалдыру