
Қонаев қалсының мәслихаты барша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ақпарат майданында абыроймен еңбек етіп, қоғамның шынайы бейнесін жеткізу жолында аянбай тер төгіп жүрген сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Жаңалықты жедел жеткізетін, шындықты ту еткен кәсіби шеберлігіңізге зор ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында халық маңызды ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етіліп, қоғамда ашықтық пен сенім қалыптасып келеді.
Сіздерге шығармашылық шабыт, сарқылмас қуат, денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1025696?lang=kk

Жауап қалдыру