Балалардың демалысын қауіпсіз жағдайларда ұйымдастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Бурабай ауданының прокуратурасы білім бөлімі және санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп «Burabai Bravo», «Звёздный» және «Орман ертегісі» балалар лагерьлеріне визуалды мониторинг жүргізді.
⠀Мониторингтік топ іссапар аясында келесі жағдайлармен танысты:
— балалардың жатын корпустарындағы орналасу жағдайымен,
— асхана мен ортақ пайдаланатын орындардың санитариялық жағдайымен,
— балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысы.
⠀ Визуалды тексеру барысында бірқатар маңызды мәселелер бойынша лагерь басшыларына санитариялық және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту, балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру және жарақаттанудың алдын алу деңгейін арттыру бағытында ұсыныстар мен түсіндірмелер берілді.
⠀ Балалармен тікелей тілдесуге ерекше назар аударылды. Балалар лагерьдегі өмірі, ойындары мен үйірмелері туралы әсерлерімен қуана бөлісіп, өз тілектерін жеткізді.
⠀ Прокуратура мұндай профилактикалық іс-шаралардың мақсаты жазалау емес, балалар өздерін қауіпсіз, жайлы және қамқорлықта сезінетін жағдайларды қамтамасыз ету екенін хабарлайды.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1025439?lang=kk

Жауап қалдыру