Көрсетілімді сот процесін өткізудегі мақсат – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында құқықтық сананы арттыру.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың алаяқтық схемаларға қарсы тұру қабілетін арттырып, құқықтық сауаттылығын нығайтуға ықпал етеді.
Істі қарау нәтижесінде сот азамат Б.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын пробациялық бақылау белгілеумен тағайындады.
Сот процесіне ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушылары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы колледждің кадеттері, «Шидай» спорт кешенінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.
Аудан прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, алаяқтардың айла-амалдарына алданбауға және құқыққа қарсы әрекеттердің белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел түрде жүгінуге шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1025448?lang=kk

Жауап қалдыру