Cеминарға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау инспекторы А.Жарылқасынов қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсіндірмелер жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 27 маусымында Қызылорда облысының Әділет департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын-алу, оған қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері» бойынша департамент қызметкерлері арасында семинар өткізілді.
Шара барысында Департамент басшысының м.а, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелді қызметкерлерге заңдылық талаптарына, заңмен белгіленген шектеулерге аса мән беріп, барлық мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір құқықбұзушылықтарды болдырмауға олардың алдын-алуға және Әдеп кодексі талаптарын бұлжытпай орындау жайлы баяндады.
Семинарға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау инспекторы А.Жарылқасынов қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсіндірмелер жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1025665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді