
6 мамырда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен мәслихат депутаттары үшін екі күндік тәжірибеге бағытталған тренингтің бірінші күні өтті.
Қатысушы Ақтөбе қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары жергілікті басқарудың құқықтық базасы, коммуникация, этикалық стандарттар жөнінде білім және тәжірибе алмасты.
Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова, Парламентаризм институтының директор орынбасары Ляззат Сүлеймен, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Мереке Габдуалиев, сарапшы Меруерт Қабылбаева тақырыптар төңірегінде ақпарат ұсынып, кейстік тапсырмалар, кризистік жағдайларды симуляциялау арқылы практикалық сағаттар өткізді.
Айта кетсек, тренинг азаматтармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынас, заңнамалық сауаттылық, жергілікті бюджеттерді бақылау және басқару құзыреттерді дамыту арқылы мәслихат депутаттарының институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры, ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1025343?lang=kk

Жауап қалдыру