Мас күйіндегі жүргізушілерге төзбеушілік – жол қауіпсіздігінің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол қауіпсіздігі саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау аясында Қосшы қаласының прокуратурасы Жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтті.

А.ж. 28 сәуіріндегі сот шешімімен И. азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыра 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Прокуратура көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға бергені немесе көлік құралын басқаруға рұқсат бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза ретінде қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Мұндай қатаң шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам шығынының алдын алуға бағытталған.

Мас күйінде көлік жүргізу жай ғана құқық бұзушылық емес, басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Прокуратура азаматтарды заңды сақтауға және жол қозғалысына жауапты қатысушылар болуға шақырады.

 #Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1025530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді