Өкіл Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма үшінші сессиясына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма үшінші сессиясына қатысты.

Сессия жұмысына облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев төрағалық етті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек өңірдегі орман және жануарлар дүниесін қорғау, күзету және молықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сессия барысында облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, құрылысты, көлікті және коммуналдық саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұханбеталы Шалқарбеков орман шаруашылығы саласына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

Сессия соңында облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев көтерілген мәселелер депутаттардың тұрақты бақылауында болатынын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жалғасатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1025320?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді