«Заң мен Тәртіп» акциясының қорытынды күні Қосшы қаласының тұрғындарына алғыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» республикалық акциясы аясында құқықтық тәртіпті нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шара өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар, оның ішінде жастар өкілдері қатысты.

Кездесу барысында заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Барлық тілек білдірушілерге мемлекеттік органдардың өкілдерімен қызықтырған мәселелерді талқылауға және құқықтық көмек алуға мүмкіндік берілді.

 

Сондай-ақ іс-шара барысында Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының белсенді азаматтық ұстаным танытқан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне, соның ішінде алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартқан кәсіпкерлерге (мысалы, «Алтын Орда», «Али», «Ақжол» дүкендері, «Par Zone» монша кешені және т.б.) алғыс хаттар, буклеттер мен естелік сыйлықтар салтанатты түрде табысталды. Бұл шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдауға бағытталған.

Іс – шара қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар-билер қауымдастығының төрағасы И.Қазангапов, ардагерлер – прокуратура органдарының К. Абдрахманов, полиция Б. Жұмабаев, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты И. Осипова, жеке кәсіпкер Е. Ералиев, сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқан қала тұрғындары мен белсенділері атап өтілді.

Іс-шара жылы және жағымды атмосферада өтіп, жергілікті тұрғындар арасында оң жауап алды. Мұндай шаралар қауіпсіз және жауапты қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді.

Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

#Заң_мен_Тәртіп       

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1025750?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді