
«26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» орай Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен флешмоб өткізілді.
Қала және аудан жастарын қамтыған бұл шараға 8-11 сынып оқушыларынан құралған 150 жасөспірім қатысты. Флешмобқа қатысушылар өз сөзінде нашақорлықпен күресудің маңыздылығына тоқталды.
Шараның басты мақсаты – қоғамның назарын нашақорлық мәселесіне аудару және жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1026124?lang=kk

Жауап қалдыру