World Boxing ұйымы аясында халықаралық жиындарға қатысып жүрген қазақстандық боксшылар Performance Hub командасымен бірге үнемі кешенді диагностикадан өтеді. Бұл жолғы тестілеу 2025–2026 жылдардағы спорт маусымына дайындық аясында өтті. Сондай-ақ жиынға 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада өтетін бокстан Әлем кубогына енген спортшылар да қатысты.
Максималды алактат қуатты (МАМ-тест) және боксқа бейімделген Вингейт тесті. Бұл сынақтар дененің гликолитикалық мүмкіндіктерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі түрде, боксшының әлеуетін барынша арттыруда аса маңызға ие бұлшықет соққы топтарының жұмысы жеке зерттеледі.
Аталған тесттер сериясы барысында алынған деректер спортшының күштік әлеуетін нақты анықтап, оның қуатты жеке ерекшеліктеріне байланысты іске асырылатын әрекеттерді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, боксшы қарсыласын үнемі шабуылдап басым түсе ала ма, әлде төзімділікке сүйенуі керек пе – деген сынды сұрақтарды айқындауға болады.
Сондай-ақ, бұл сынақтар барысында спурттар мен қарқынды соққыларды ауыстыру кезінде боксшының шаршау индексі тіркеледі. Бұл көрсеткіш оның максималды анаэробты өнімділік динамикасын талдауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы Әлем кубогына АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзірбайжан, Австралия, Словакия, Норвегия және Германия секілді 30-ға жуық елден 300-дей спортшы қатысады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1026149?lang=kk

Жауап қалдыру