Қала прокуратурасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті және қалалық әкімшілікпен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде, «Адалдық күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, мемлекеттік және қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов, Шаншар театрының директоры У.Әбдірайымов, айтыскер ақын К.Орал, Сидней олимпиада ойындарының күміс жүлдегері М.Ділдәбеков және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар адалдықтың адамзаттық және мемлекеттік деңгейдегі маңызы мен құндылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер зияны кеңінен айтылды.
Адалдық — ұлттың рухани тірегі, Адалдық – бір күннің ұраны емес, ол – өмір бойы ұстанатын жол екені қатысушыларға кеңінен жеткізілді.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1026130?lang=kk

Жауап қалдыру