САРЫАҒАШ: БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
“28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне” орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімі ақпарат құралдары өкілдеріне қоғамдағы, әсіресе жергілікті деңгейдегі шынайы ақпарат таратудағы рөлі мен маңызын ерекше атап өтті.
-Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Халықтың сеніміне ие болып, шынайы әрі объективті ақпарат жеткізу – үлкен жауапкершілік. Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз арқылы ауданымыздағы оң өзгерістер мен жетістіктер кеңінен насихатталып келеді, – деді Арман Абдуллаев.
Мерекелік шара соңында ауданның медиа саласына үлес қосып жүрген бірқатар тілшілер мен редакция ұжымдарына алғыс хаттар табысталды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1026176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді