
Түркістан облысында полиция киберқауіпсіздіктің алдын алу бойынша оқушылармен кездесу өткізді. “Профилактика жылы” және “Заң мен Тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласы жанында орналасқан “Үркер” жазғы сауықтыру лагерінде ауқымды кездесу өткізді.
Полиция қызметкерлері іс-шараға қатысқан 800-ге жуық оқушыға қаржылық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша сабақтар өткізді. Балаларға алаяқтықтың кең таралған түрлері, қылмыскерлердің қалай әрекет ететіні, сондай-ақ олардан қорғану тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға цифрлық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ескертулер мен егжей-тегжейлі ұсыныстары бар ақпараттық жадынамалар таратылды.
Полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтықпен байланысты қауіптер туралы хабардар болудың маңыздылығын және онлайн кеңістікте сақтық шараларын сақтау қажеттілігін атап өтті. Полицейлер бұл профилактикалық іс-шаралар жастар арасындағы құқықтық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға және оларды интернеттегі ықтимал қауіптерден қорғауға бағытталғанын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1026121?lang=kk

Жауап қалдыру