«Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде қала аумағында «Жол қауіпсіздігі күні» – «Ақ жол» – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша акциялары өткізілді.
Акция қала, аудан, көлік прокуратуралары және уәкілетті органдармен бірлесіп қала тұрғындарына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-жүріс ережесін сақтауды түсіндіру мақсатында халықпен жиналыс, мешіттерде дәріс оқу, түсіндірме парақшаларын тарату, ЛЭД экрандарға жариялау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты жол апатын алдын алу, көлік жүргізу кезінде сақтық таныту және жолда белгіленген талаптарды ұстануға бағытталған.
Өмір – жарыс емес. Оралуға үлгер. Өзіңізбен жақын адамдарыңызды сақтаңыз.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1026231?lang=kk

Жауап қалдыру