Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: «Айналайын» лагерінде түсіндіру шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ескелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Айналайын» балалар лагерінде өрт-тактикалық жаттығу мен жаз мезгіліндегі қауіпсіздікке арналған кешенді профилактикалық іс-шара өткізді.
 
Шара барысында демалушы балаларға төмендегі маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
•табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі ережелері;
•суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
•балаларды қараусыз қалдырмау қағидалары;
•терезеден құлау қаупінің алдын алу;
•сіріңке мен оттың қауіптілігі туралы ескерту.
 
Сонымен қатар, өрт шыққан жағдайда іс-қимыл тәртібі мен эвакуация алгоритмі туралы да нақты түсініктер берілді. Балалар мамандармен ашық диалог құрып, қызықты әрі пайдалы ақпарат алды.
 
Аталған іс-шара жазғы маусымдағы қауіпсіздік бойынша облыста жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
 
Жетісу облысы ТЖД алдағы уақытта да барлық балалар лагерлерінде осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады. Мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алу.
 
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1025900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді