Чемпиондар сапары: Аршалы ауданында ерік-жігер мен салауатты өмір салтын таңдауға арналған дәріс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Аршалы ауданына Қарағанды облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Данияр Халилин мен панкратионнан әлем чемпионы, Naiza Fighting Championship (NFC) ұйымының екі дүркін әлем чемпионы Ильдар Құдайбергенов келіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, салауатты өмір салтына шабыттандыру мақсатында кездесу өткізді. ⠀   

Сапар аясында Құдайбергенов пен Халилин №2 мекемесінде болып, сотталғандарға мотивациялық дәріс оқыды. Кездесу барысында спортшылар спорттың, тәртіптің және жігерлі ерік-жігердің маңыздылығын атап өтіп, нашақорлықтың зияны мен зиянды әдеттердің салдары туралы ашық әңгіме өрбітті. ⠀ Мұндай кездесулер – өткенге ой жүгіртіп, жарқын болашаққа қадам басуға берілген мүмкіндік.

#Заң_мен_Тәртіп           

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1025895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді