МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан қаласында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында кіші футболдан «Түркістан қаласы әкімінің кубогі» үшін турнир ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шара 2025 жылдың 27 маусым күні Нұр-Сауықтыру кешенінде өтті. Жарыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау және ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев пен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жеңіп алды. Екінші орынға Түркістан қаласы әкімдігі командасы ие болды. Үздік үштікті «Түркістан Жарық Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі түйіндеді. Ал төртінші орынды Түркістан қалалық мәслихаты иеленді.
Жеке номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. Үздік қорғаушы аталымы Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Перне Бақдаулетке берілді. Үздік ойыншы болып Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының сектор басшысы Темешов Қайрат танылды. Үздік шабуылшы атағын «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС өкілі Абуов Жасұлан иеленсе, үздік қақпашы ретінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1026289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді