
2025 жылғы 27 маусымда учаскелік полиция инспекторы Д. Ю. Смола Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратымен бірлесіп, Дружба ауылының тұрғындарымен мал ұрлығының және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Кездесу барысында жеке қауіпсіздік шараларына және онлайн кеңістікте өз қаржысын қорғау тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Азаматтарға eGov порталы арқылы өз атына онлайн несие рәсімдеу мүмкіндігін қалай бұғаттауға болатыны егжей — тегжейлі түсіндірілді.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыс жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1025907?lang=kk

Жауап қалдыру