Прокурор ықпалымен алимент есебіне пәтер өндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдан бастап қала прокуратурасымен алимент бойынша атқарушылық құжаттарға талдау жүргізілді.

Талдаумен уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесімен 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді.

Одан басқа алимент төлеуден жалтарған 26 тұлғаға ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, 5 тұлғаға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  айыптау үкімі қабылданды.

Борышкерлердің назарына кәмелетке толмағандардың күтіміне алимент төлемеген жағдайда Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен жауаптылық көзделгендігін және алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттар қала прокуратурасының басты назарында екенін ескертеді.

 

      Маңғыстау облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1026342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді