Вице-министр Олжас Сапарбеков Тараз қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Тараз қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің ғимаратында өтті. Қатысушылар өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және кәсіпорындарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қойды.

Одан бөлек, азаматтар «ТАЛАС» қосалқы аймағын дамыту және «ТАРАЗ» индустриялық аймағындағы инженерлік инфрақұрылымды салу тақырыптарын қозғады.

Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қатысушыларға белсенді ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1025957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді