Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық полиция басқармасы өкілдерімен бірлесіп, ауданды аралады.
Аралау барысында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын сақтамау сияқты бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы (“Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау”) және 505-бабы (“Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу”) негізінде тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұлдар салынды.
Аталған іс-шаралар аудан аумағында тазалықты сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1026665?lang=kk

Жауап қалдыру