
27.06.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласындағы «Flamingo» жазғы лагерінің балаларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтары, жауапкершілігі және міндеттері», «Буллингтің алдын алу шаралары» жайлы дәріс өткізді.
Аталған іс-шараға Әділет депаратаментінің бөлім басшылары, Ақтау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы және заң қауымдастығы өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Балалар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1027190?lang=kk

Жауап қалдыру