Қарағанды креативтік орталығының резиденті SAMGAU республикалық кинофестивалінің жеңімпазы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандылық жас режиссер, CREATIVE CENTER ORTAU резиденті Асылжан Ізбасар Шымкент қаласында өткен SAMGAU республикалық кинофестивалінде Гран-при иегері атанды.

«Пат» атты қысқаметражды туынды режиссердің дебюттік жұмысы болып, фестивальдің үздік фильмі деп танылды. Фильмде музыкалық мансапты армандайтын жас қарағандылық жігіт пен оны шахтер болуға мәжбүрлейтін әке арасындағы қарым-қатынас баяндалады. Екі буынды біріктіретін ортақ дүние – шахмат ойыны.

Байқауға 30-дан астам жұмыс ұсынылғанымен, конкурстық бағдарламаға 20 фильм ғана іріктеліп алынды. Соның ішінде «Пат» фильмі қазылар алқасын ерекше идеясымен, режиссерлік шешімімен және тың көзқарасымен тәнті етті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-madeniet/press/news/details/1026652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді