Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету, сондай-ақ “Рецидивтің алдын алу” жобасын іске асыру жөніндегі ҚР Үйлестіру кеңесінің хаттамасын орындау шеңберінде Степногорск қаласының прокуратурасы Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Ақмола облысының прокуратурасының, пробация қызметінің, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың және Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен бірлесіп FSM Social сандық платформасы пайдалану бойынша семинар-оқыту өткізді.
Іс-шара ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және өмірлік қиын жағдайдағы адамдармен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Шартты түрде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге кешенді көзқарас, олардың мінез-құлқын бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі тұрақты түрде тәжірибе және ақпарат алмасуға келісті.
Прокуратура бұдан әрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу мақсатында мүдделі құрылымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға ниетті.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1027004?lang=kk

Жауап қалдыру