СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындары өмір сапасы мен қалалық инфрақұрылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Көтерілген мәселелер қатарында — базарлар жанындағы «қызыл сызық» пен санитария талаптарының сақталмауы,  тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, әуе рейстерін іске қосу, қаңғыбас иттер және Жамбыл, А мекенжайындағы ауланы абаттандыру мәселесі болды.

Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар қабылдап, олардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу — облыс басшылығы жұмысының басты басымдығы болып қала береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1026770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді