
Астанада «Жасыл жол – Ұрпаққа аманат» экологиялық акциясы аясында зейнеткерлер арасында велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Орталық саябақ аумағында өткен спорттық шарада 70-тен астам елордалық зейнеткер белсенділік танытты.
«Нұра ауданымен бірге ұйымдастырылып жатқан шарамыз алғаш рет өтіп жатыр. Бұл жердегі ерекшелік – ешқандай жеңімпаз болмайды. Ең бастысы егде жастағы азаматтарымызды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.
Спорттық мереке барысында қатысушылар тек велосипед теуіп қана қоймай, сайысқа түскен аумақты жинап, тазалықтың сақталуына үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1026579?lang=kk

Жауап қалдыру