
2025 жылы 29 маусымда өткен Балтакөл ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Балтакөл ауылдық округінің әкімі болып Ателов Сейтхан Айдарханович сайланды.
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Балтакөл ауылында болып, жаңадан сайланған әкімді ауыл тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімі халықпен тығыз байланыста, ауызбіршілікте және түсіністікте жұмыс жасау керектігін айтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамына бағытталған негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды лайықты деңгейде атқару. Ауыл халқы өзіңізге сенім артып, сайлауда дауыс берді. Сондықтан округ тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуды, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді жүйелі атқарып, тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды тапсырамын. Жұмысыңызға табыс, қызметіңізге сәттілік тілеймін, – деді.
Мұнан соң Отырар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Артықбай Дүйсеханов сайлау қорытындысымен таныстырып, жаңа әкімге қызметтік куәлігін табыстады.
Кездесуде ауыл ақсақалдары қайтадан сайланған ауыл округі әкімінің ілкімді істері алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1027872?lang=kk

Жауап қалдыру