Павлодар қаласының теміржол станциясында оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-карантиндік бақылау маманымен бірлесіп, карантиндік тұйықты өрістете отырып, Павлодар қаласының теміржол станциясында «Тырысқақ» тақырыбында оқу-жаттығу өткізді.

Оқу – жаттығуды өткізу барысында Хабарландыру сызбасы мен Карантиндік және аса қауіпті инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда санитариялық-профилактикалық, емдік және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес қатысы бар қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл тактикасы пысықталды.

Оқу-жаттығуға Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдары, Павлодар облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті, Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі, «Павлодарвокзалсервис» ЖШС, «ӘТЖК» ЖШС, «Солтүстік» жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының Павлодар учаскесі, «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның «Павлодар магистральдық желі  бөлімшесі» мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері қатысты.

Қазіргі жағдайда көші-қон процестері белсенді дамып келеді, сонымен бірге туристік ағындарды жандандыру Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғауды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты Павлодар облысының денсаулық сақтау қызметтері қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға байланысты ықтимал қауіптерге жедел ден қоюға үнемі дайын.

          Оқу – жаттығу сәтті өтті, нәтижелер карантиндік және аса қауіпті инфекцияны әкелу және тарату қаупі туындаған жағдайда қатысушы қызметтердің дайындығын көрсетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1027459?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді