
2025 жылы 29 маусымда өткен Қарғалы ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып Жұмабек Еркеғали Жұмабекұлы сайланды.
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған лауазым иесін Қарғалы ауыл округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан басшысы ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Аудандағы маңызы бар ауылдардың бірі Қарғалы ауылының экономикалық әлеуеті жоғары. Елді мекендегі ауыз суғ ағын су мәселелері өзекті. Бұл бағытта ел сенімінен шығып, жүйелі жұмыстарды атқару керек. Ауылда инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндіктер көп. Сондықтан ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қолдағы мүмкіндіктерді пайдаланып, ауыл халқының ынтымағы мен бірлігін сақтай отырып жоспарлы жұмыстарды өз деңгейінде атқарады деген сенімдемін»- деді.
Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Артықбай Дүйсеханов сайлау қорытындысымен таныстырып, жаңа әкімге қызметтік куәлігін табыстады.
Ауыл ақсақалдары қайта сайланған әкімнен жаңашыл жұмыс күтетінін айтып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1027874?lang=kk

Жауап қалдыру