САРЫАҒАШ: ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес 29 маусым күні Жемісті ауылдық округ әкімін халық тікелей өздері сайлады.

Сайлау нәтижесі бойынша басым дауыспен жеңіске жеткен Қамбаров Рахымжан Әлішұлы Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімімен Жемісті ауылдық округ әкімі болып тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округ әкімі аппараты активіне Р.Қамбаровты таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады. Сонымен қатар, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев қызметтік куәлігін табыстады.

– Осы лауазымды адал,әділ және абыроймен атқарыңыз! Бірінші кезекте ауылдық округ аумағының тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізуді, ауылдық округ аумағында санитарлық-тазалыққа атсалысу бойынша жұмыстарды үйлестіруді тапсырамын. Аталған жұмыстардың мүддесінен шығатыныңызға сенім білдіремін, – дей келе аудан әкімі жаңа ауыл әкімінің алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Рахымжан Қамбаров 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы Жемісті ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман болып бастап, 2015 жылға дейін қызмет атқарған. 2015- 2022 жылдары Жемісті ауылдық округіндегі №14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінде физика пәні мұғалімі, 2022 жылдан бастап 2025 жылдың маусым айына дейін «Күмісай Тасболатова» атындығы зияткерлік білім беру мектебінде мұғалім, директордың оқу істері жөніндегі орынбасары, директор лауазымдарын атқарып келген.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1027889?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді