
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Костряков ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді
Жөндеу жұмыстары жергілікті «Гранд» ЖШС күшімен атқарылды: ескерткішке әктеу, сырлау және қаза тапқан батырлардың есімдері жазылған қабырғаны қайта жаңарту жұмыстары орындалды.
Іс-шараға шамамен 15 қызметкер қатысты. Олардың еңбегінің арқасында ескерткіш жаңарып, күтіп-ұсталынған келбетке ие болды. Бұл – болашақ ұрпаққа батырлар ерлігін еске салатын абзал естелік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1027301?lang=kk

Жауап қалдыру