«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында азаматтардың құқықтарын қорғау және алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алаяқтық – қылмыс!

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген алаяқтық қылмысы туралы құқықтық түсініктеме ұсынамыз.

Алаяқтық — бұл бөтеннің мүлкін немесе мүліктік құқықтарын алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы иемдену. Мұндай әрекет үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 Осыған байланысты азаматтарға төмендегідей сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады:

 Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;

 Интернет арқылы сауда жасағанда тексерілген сайттарды ғана пайдаланыңыз;

 Жеке деректеріңізді — ЖСН, банк картасы нөмірі, PIN-код, SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз;

 Күмәнді жағдайлар туындаса, дереу полицияға немесе прокуратура органдарына жүгініңіз.

 Тек бірлесе әрекет еткенде ғана біз алаяқтарға қарсы тиімді тосқауыл қоя аламыз.

Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқығын қорғау — прокуратура органдарының басты міндеті.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1027454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді