«Жалынды болашақ» шатырлы лагері: сынақтар, достық және командалық рух

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданындағы «Канагат» қонақ үй-туристік кешені базасында скауттық қозғалыстың «Жалынды болашақ» шатырлы лагері басталды.

Іс-шара жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, балалардың өз-өзіне, айналасындағы табиғатқа деген жауапкершілігін, дербестігін қалыптастыруға бағытталған.

Лагерьге Зеренді, Атбасар, Есіл, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласынан келген 50-ге жуық бала қатысуда.

Жас скауттар келесі байқауларда өз шеберліктерін көрсетеді:

– «Туристік кедергілер жолағы»

– «Туристік түйіндер»

– «Үздік бивуак»

– «Бардық кеші»

– «Логикалық кедергі»

– «Рюкзакты уақытқа дұрыс жинау»

Байқауларды кәсіби қазылар алқасы лагерьдің бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Қатысушыларға сәттілік пен жақсы демалыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1027771?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді