Жітіқара ауданы әкімінің аудан халқымен есептік кездесуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі А. Жаныспаев Жітіқара қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Қала мен ауданды дамытудағы негізгі нәтижелермен бөлісті, алдағы жоспарлар талқыланды.
Елеулі оқиғалардың бірі қалалық емхананы күрделі жөндеудің басталуы болмақ — бұл жітіқаралықтарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды қадам. Тұрғындарды қала көлінің тағдыры алаңдатады – оны сақтап қалу туралы шешім қабылданды, абаттандыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аудан басшысы қаланы абаттандыру аясында қабылданып жатқан шаралар: көгалдандыру, кварталішілік жолдарды жөндеу, аумақты жинау және басқалары туралы баяндады.
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1027387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді