Ақмола облысы бойынша ҚАЖД “Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы“ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі–бұйрық)жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды. Мақсаты – кадрлық жоспарлау, қызметкерлерді жоғарылату үшін келесі тоқсанда жоғары басшылық лауазымдар. Жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу үшін “құжатшы“ жүйесі арқылы қалыптастырылған үлгіге сәйкес баянат пен қызметтік тізімді Департаменттің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді: 1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы). ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары: – ҚАЖ аппаратына–C–svo–9 санаты; – ҚАЖД пробация қызметі-C–svr–7 санаты; – ҚАЖ мекемесіне–C–SGU–10 санаты; 2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар; 3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі. Сұрақтар туындаған жағдайда департаменттің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне хабарласыңыз, анықтама телефондары: 8 (7162) 78-10-90. Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді. Ақмола облысы бойынша ҚАЖ Департаменті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1027870?lang=kk

Жауап қалдыру