
Алматы облысы Полиция департаментінде Журналистер күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін салтанатты түрде құттықтау шарасы өтті.
Өз сөзінде облыстық полиция бастығы Мейрам Әбікеев журналистерге ұзақ жылғы нәтижелі серіктестік үшін алғыс білдіріп, қоғам мен полиция арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.
– Сіздер – құқық қорғау органдары мен халықты байланыстыратын «алтын көпірсіздер». Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қоғамға шынайы әрі жедел ақпарат беріп, қауіптердің алдын алып, біздің жұмысымыз туралы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен іс-шаралар жөнінде айтуға мүмкіндік туып отыр, – деді М. Әбікеев.
Іс-шара аясында департамент басшысы БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Бұл – олардың кәсіби шеберлігіне, ұстанымдылығына және журналистік этикаға адалдығына деген құрметтің белгісі.
Кездесудің жылы әрі сенімді атмосферасы полиция мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы нәтижелі ынтымақтастық қоғамдағы тұрақтылық, қауіпсіздік және ашықтықтың маңызды факторы екенін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1028538?lang=kk

Жауап қалдыру