Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұлы бар жүргізушілер ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда полиция жол қозғалысы ережесін бұзған құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүйелі түрде жалғастыруда. Соңғы 24 сағаттың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, иелері бірнеше рет айыппұл төлеуден жалтарған 6 көлікті ұстады.

Азаматтардың бірінде 5 млн 500 мың теңгеден астам қарызы бар. Тағы бір Toyota Alphard көлігінің жүргізушісінде 1 миллион 086 мың теңге айыппұл. Барлық автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізіліп, иелеріне көрсетілген мерзімде қарыздарын толық өтеу қажеттігі туралы ескертулер берілді.

– Жазаның бұлтартпастығы – жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі қағидасы. Азаматтар айыппұлдарды жүйелі түрде елемеу – көлікті ұстаудың бір жолы екенін түсінуі керек. Алдын алу жылында біз формальды емес, заңдылықты нақты сақтауға тұрақты түрде күш салып жатырмыз, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karasay/press/news/details/1027918?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді