
Ақтөбе қаласында өткен халықаралық әскери-патриоттық «Айбын – 2025» жиыны өз мәресіне жетті. Түркістан облысының командасы ерекше белсенділік танытып, жалпы командалық есепте II орын иеленді.
Олардың арасында Кентау қалалық білім бөліміне қарасты URKER мектебінен 5 оқушы облыс намысын қорғауға қатысып, лайықты үлес қосты.
Атап айтқанда, кентаулық Дана Османова – мылтық атудан II орын, Насиба Қадырова – автомат шашып-жинаудан III орынды иеленді.
Одан бөлек, облыс атынан қатысқан оқушылар Әскери эстафетадан – I орын, арқан тартудан – I орын, әскери кросстан – II орын, смарт сарбаздан – II орын, айбын жұлдызынан – III орын, автомат шашып-жинаудан – III орынлы иеленіп, Жалпы командалық есепте – II орынды жеңіп алды.
Бұл жеңіс – Түркістан облысы жастарының жоғары дайындық деңгейін, қайсар рухты және отаншылдық сезімін айқын көрсетті. Жарысқа қатысқан барлық сарбаздарға және оларды дайындаған жетекшілеріне құрмет көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1028129?lang=kk

Жауап қалдыру