
2025 жылғы 4-6 шілде аралығында Қытай-Қазақстан халықаралық көрме орталығында Орталық Азия тауарлары мен саудасы ЭКСПОСЫ – CACT EXPO 2025 өтеді. Бұл — өңірдегі өндірушілерді, инвесторларды және серіктестерді біріктіретін ауқымды іскерлік шара.
Іс-шараның мақсаты — Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, тауар айналымын кеңейту, жаңа логистикалық бағыттар мен кооперациялық платформаларды іске қосу.
EXPO 2025 тақырыбы:
«Орталық Азияның тартымдылығы: Қорғас — бизнестің платформасы» Көрмеге қатысушылары:
өз тауарлары мен қызметтерін таныстыра алады,
шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орната алады,
панельдік сессияларға, B2B-кездесулерге және салалық форумдарға қатыса алады.
Өтетін орны:
Қытай-Қазақстан халықаралық көрме орталығы,
«Қорғас» ШЫХО — визасыз экономикалық ынтымақтастықтың бірегей аумағы.
БАҚ үшін байланыс: +7 707 127 0720
«Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/1028304?lang=kk

Жауап қалдыру