Погон таққан ару екі бірдей әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері Аида Хайруллина 2025 жылы қатарынан екі ірі халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

19-23 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Аида 72 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал 16-22 маусым аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен “Gamma World MMA Championship 2025” турнирінде де дәл осы салмақта финалға дейін жетіп, тағы бір күміс жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, MMA чемпионатына 78 елден 500-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді.

– Бір жылдың ішінде екі әлем чемпионатына қатысып, ел абыройын қорғау – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш. Бұл – әріптестерім мен отбасымның қолдауының, қажырлы еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да ел сенімін ақтауға бар күшімді саламын, – деді Аида Хайруллина.

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәртіп сақшысының бұл жетістігі – табандылықтың, еңбекқорлықтың және мақсатқа ұмтылыстың нақты көрінісі. Жас ұрпаққа үлгі боларлық бұл жеңіс – қажырлы дайындық пен жігерлі еңбектің жемісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1028359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді