Целиноград ауданындағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының әкімдігінде аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Жиналыс кадрлық тағайындаулар туралы хабарландырудан басталды. Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бұйрығына сәйкес Сайлау Абзат Арманұлы Целиноград ауданы статистика басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сайлау Абзат Арманұлы 1994 жылы туған, Ақмола облысының тумасы. Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша Басқармасының қалыптастыру бойынша статисі қызметінен бастаған. Жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша Департаменті заң Басқармасының бас маман қызметін атқарған.

Аудан әкімі жаңа басшыны құттықтап, қызметіне сәттілік тілеп, басқарманың алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда – мәліметтердің дәлдігін қамтамасыз ету, есептілікті уақытылы тапсыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдамалық қолдау көрсету.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша статистикалық есептердің мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз ету және Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру жайы талқыланды. Атап өтілгендей, алдағы уақытта үш мың домбырашының қатысуымен ауқымды мерекелік шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл – аудан өміріндегі маңызды мәдени оқиғалардың бірі болмақ.

Аудан басшысы барлық қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін, жоғары деңгейде іс-шаралар өткізуді және халықты алдағы бастамалар туралы уақтылы әрі ашық түрде хабардар ету қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1028991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді