Ертіс ауданының АСК сайланған әкімдерге куәлік тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертіс ауданының АСК сайланған әкімдерге куәлік тапсырды                           

 

 2025 жылғы 1 шілдеде Ертіс ауылы  және Қоскөл, Панфилов, Сілеті ауылдық округтері активтерінің жиналысы өтті, онда Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Т. Купеев ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған Д. Т. Алкенов, Д.Б. Тюлегенов, А.И. Карибаев, Ж.К. Батыргжиновке куәліктер тапсырды.

 

Алкенов Даулет Таймысович  Ертіс ауылының әкімі болып тағайындалды. Даулет Таймысович Ертіс ауданы Аманкелді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы Ертіс ауданының Амангелді орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болып бастаған. 2001-2011 жылдары Аманкелді орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Аманкелді ауылының әкімі қызметін атқарды. 2021 жылы Ертіс ауданы Ертіс ауылының әкімі болып сайланды. «АMANAT» партиясы ұсынған.

 

Тюлегенов Дулат Балыкбаевич Қоскөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Дулат Балыкбаевич  Ертіс ауданы Котельниково ауылында дүниеге келген. 10 жылдан астам уақыт Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдарында, Ұзынсу ауылдық округі, Панфилов ауылдық округі әкімі аппаратында, Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінде, Ертіс ауданы әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.

 

Карибаев Асылбек Ислямович Панфилов ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Асылбек Ислямович  Ертіс ауданы Голубовский совхозында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы «Тоқта» ЖШС бригадасының есепшісі болып бастаған. 1997-2013 жылдары «Болашақ» ШҚ басшысы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Панфилов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.

 

Батыргужинов Женис Кожаханович Сілеті ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Женис Кожаханович Ертіс ауданы Сладководск ауылында дүниеге келген. Білім беру саласында 8 жылдан астам жұмыс істеді. 2013 жылдың қарашасынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Бірлік негізгі жалпы білім беру мектебінің директоры болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis/press/news/details/1029408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді