“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – БІЗДІҢ ҰСТАНЫМ!” АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ШАРДАРА АУДАНЫНДА АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 27 маусым күні Шардара ауданында республика көлемінде жарияланған “Заң мен тәртіп” апталығы аясында “Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!” атты адалдық сағаты өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіпке деген құрметті күшейту.
Іс-шара аясында аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары мен қағидалары түсіндіріліп, тиісті ақпараттық жадынамалар таратылды.
Адалдық сағаты арнайы жиын немесе басқосу түрінде емес, ашық әрі қолжетімді форматта ұйымдастырылып, тұрғындардың күнделікті жүріс-тұрысы шоғырланған орындар мен қоғамдық кеңістіктерде жүргізілді. Бұл тәсіл қоғаммен тікелей байланыс орнатып, құқықтық ақпаратты кең көлемде таратуға мүмкіндік берді.
Шара барысында азаматтар құқықтық ақпараттарға қызығушылық танытып, заң талаптарын сақтау – ортақ міндет екені жөнінде пікірлерін білдірді. Қоғамда адалдық, әділеттілік пен заң үстемдігі қағидаларын орнықтыру – әрбір азаматтың сана-сезімінен басталатыны тағы да баса айтылды.
“Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!” ұраны аясында өткен бұл шара аудан халқының құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған нақты қадам болды. Мұндай бастамалар қоғамның құқықтық сана-сезімін қалыптастырып, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізудің тиімді жолдарының бірі ретінде өз жалғасын таба бермек.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1029363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді